2023 жылдың 28 қыркүйек айы бойынша Алматы қаласында 715 күзет қызметі субъектісі есепте тұр, оның ішінде: жеке күзет ұйымдары – 694, жеке күзет ұйымдарының филиалдары – 21. Күзет құрылымдарында 15169 күзетші бар.
138 күзет қоңырау құралдарын монтаждау, ретке келтіру және техникалық қызмет көрсету фирмалары бар, соның ішінде: жеке тұлға – 8, заңды тұлға – 130. Онда 193 қызметкер жұмыс істейді.
2023 жылдың 9 айында 119 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Қазақстан Республикасы бойынша күзет қызметінің барлық түріне 119 мемлекеттік лицензия берілді, соның ішінде: 73 жаңадан, 46 қайта рәсімделді, бас тарту 0. Есептен 11 ЖКҰ шығарылды.
Бөлімге лицензия алу кезіндегі жұмысы бойынша шағым мен ескертпелер түспеді.