2023 жылдың 23 маусым айы бойынша Алматы қаласында 693 күзет қызметі субъектісі есепте тұр, оның ішінде: жеке күзет ұйымдары – 672, жеке күзет ұйымдарының филиалдары – 21. Күзет құрылымдарында 15273 күзетші бар.
198 күзет қоңырау құралдарын монтаждау, ретке келтіру және техникалық қызмет көрсету фирмалары бар, соның ішінде: жеке тұлға – 20, заңды тұлға – 178. Онда 276 қызметкер жұмыс істейді.
2023 жылдың 6 айында 72 мемлекеттік қызмет көрсетілді.Қазақстан Республикасы бойынша күзет қызметінің барлық түріне 72 мемлекеттік лицензия берілді, соның ішінде: 47 жаңадан, 25 қайта рәсімделді, бас тарту 0. Есептен 2 ЖКҰ шығарылды.
Бөлімге лицензия алу кезіндегі жұмысы бойынша шағым мен ескертпелер түспеді.