2023 жылдың 31 наурыз айы бойынша Алматы қаласында 675 күзет қызметі субъектісі есепте тұр, оның ішінде: жеке күзет ұйымдары – 656, жеке күзет ұйымдарының филиалдары – 19. Күзет құрылымдарында 15259 күзетші бар.
198 күзет қоңырау құралдарын монтаждау, ретке келтіру және техникалық қызмет көрсету фирмалары бар, соның ішінде: жеке тұлға – 20, заңды тұлға – 178. Онда 274 қызметкер жұмыс істейді.
2023 жылдың 3 айында 34 мемлекеттік қызмет көрсетілді.Қазақстан Республикасы бойынша күзет қызметінің барлық түріне 34 мемлекеттік лицензия берілді, соның ішінде: 26 жаңадан, 8 қайта рәсімделді, бас тарту 0. Есептен 2 ЖКҰ шығарылды.
Бөлімге лицензия алу кезіндегі жұмысы бойынша шағым мен ескертпелер түспеді.