2022 жылдың 30 қыркүйек айы бойынша Алматы қаласында 642 күзет қызметі субъектісі есепте тұр, оның ішінде: жеке күзет ұйымдары – 626, жеке күзет ұйымдарының филиалдары – 16. Күзет құрылымдарында 15199 күзетші бар.
200 күзет қоңырау құралдарын монтаждау, ретке келтіру және техникалық қызмет көрсету фирмалары бар, соның ішінде: жеке тұлға – 20, заңды тұлға – 180. Онда 283 қызметкер жұмыс істейді.
2022 жылдың 12 айында 200 мемлекеттік қызмет көрсетілді.Қазақстан Республикасы бойынша күзет қызметінің барлық түріне 197 мемлекеттік лицензия берілді, соның ішінде: 156 жаңадан, 41 қайта рәсімделді, бас тарту 3. Есептен 9 ЖКҰ шығарылды.
Бөлімге лицензия алу кезіндегі жұмысы бойынша шағым мен ескертпелер түспеді.