2022 жылдың 30 қыркүйек айы бойынша Алматы қаласында 615 күзет қызметі субъектісі есепте тұр, оның ішінде: жеке күзет ұйымдары – 599, жеке күзет ұйымдарының филиалдары – 16. Күзет құрылымдарында 15392 күзетші бар.
202 күзет қоңырау құралдарын монтаждау, ретке келтіру және техникалық қызмет көрсету фирмалары бар, соның ішінде: жеке тұлға – 21, заңды тұлға – 181. Онда 286 қызметкер жұмыс істейді.
2022 жылдың 9 айында 161 мемлекеттік қызмет көрсетілді.Қазақстан Республикасы бойынша күзет қызметінің барлық түріне 158 мемлекеттік лицензия берілді, соның ішінде: 127 жаңадан, 31 қайта рәсімделді, бас тарту 3. Есептен 7 ЖКҰ шығарылды.
Бөлімге лицензия алу кезіндегі жұмысы бойынша шағым мен ескертпелер түспеді.