2022 жылдың 31 наурыз айы бойынша Алматы қаласында 541 күзет қызметі субъектісі есепте тұр, оның ішінде: жеке күзет ұйымдары – 523, жеке күзет ұйымдарының филиалдары – 17, жеке күзет ұйымдарының өкілдіктері – 1. Күзет құрылымдарында 15477 күзетші бар.
224 күзет қоңырау құралдарын монтаждау, ретке келтіру және техникалық қызмет көрсету фирмалары бар, соның ішінде: жеке тұлға – 24, заңды тұлға – 200. Онда 314 қызметкер жұмыс істейді.
2022 жылдың 3 айында 61 мемлекеттік қызмет көрсетілді.Қазақстан Республикасы бойынша күзет қызметінің барлық түріне 59 мемлекеттік лицензия берілді, соның ішінде: 52 жаңадан, 7 қайта рәсімделді, бас тарту 2.
Есептен 2 ЖКҰ.
Бөлімге лицензия алу кезіндегі жұмысы бойынша шағым мен ескертпелер түспеді.