Эквадорлық ерлі-зайыптылар Алматы қаласының полициясына Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру бойынша көші-қон заңнамасын түсіндіргені үшін алғыс білдірді. Бұл туралы олар Алматы қалалық полиция Департаменті бастығының атына жолдаған алғыс хатында хабарлады.
«Біздің бұрынғы жерлесіміз Эквадорлық шетелдікке тұрмысқа шықты, басқа мемлекеттің азаматтығын алуына байланысты Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылды. Енді ол өзінің бұрынғы Қазақстан азаматтығын қалпына келтіруге шешім қабылдады. Алайда, Эквадор шет мемлекетінің көші-қон заңнамасының ережелері осы елдің азаматтығынан шығуға мүмкіндік бермейтіндіктен, азаматтығын қалпына келтіру туралы мәселені Қазақстан Республикасы Президентінің атына әрі қарай Қазақстан азаматтығын қалпына келтіру мәселесін шешу туралы құжатты жіберу үшін ҚР ІІМ-нің көші-қон қызметі комитетінің комиссиясы қарастыруы керек. Біз алгоритмді әйелге түсіндіріп, оның келесі әрекеттерін айтып бердік », - деді, Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Асхат Бутунчинов.