Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерінде террористік тұрғыдан осал объектілердің антитеррорлық қауіпсіздігіне қатысты өзгерістер туралы АҚПАРАТ Ескертілген адам – қорғанған!

Алматы полициясы департаменті тұрақты түрде террористік тұрғыдан осал объектілердің  (ТТО)  антитеррорлық қауіпсіздігін бақылауды ұйымдастыру бойынша жұмыстарды атқара отырып, олардың басшыларымен және иелерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді .

2021 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша қалада террористік тұрғыдан осал 1681 объект бар.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасында тексерулерді және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы» № 229Жарлығы негізінде 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2023 жылдың1 қаңтарына дейін шағын және микро кәсіпкерліктің қызметін тексеру тоқтатылды.

2020 жылға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің №191-2015 қаулысының және Қазақстан Республикасының №416-1999 «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңының талаптарын орындау мақсатында террористік тұрғыдан осал 131 объекті тексерістен өтті.

Террористік тұрғыдан осал (ТТО) объектілердің антитеррорлық қауіпсіздігінің бұзылуын болдырмау мақсатында тексерілген объектілердің 350 басшымен, меншік иелері және қауіпсіздік ұйымдарының өкілдерімен түсіндірме әңгіме және 105 семинар-тренингтер өткізілді,  барлығына террористік қауіп туындаған кездежасалатын әрекеттер туралы нұсқаулар таратылды.

Террористік тұрғыдан осал (ТТО) объектілердің антитеррорлық қауіпсіздігінің бұзылуын болдырмау мақсатында  меншік нысанына қарамастан ұйым басшымен, меншік иелері және қауіпсіздік ұйымдарының өкілдерімен оқу сабақтарын өткізуді қамтамасыз ету керек:

- 1999 жылғы 13 шілдедегі №416-VI «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

- «Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 03.04.2015 жылғы №191 қаулысы;

- «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы № 325-VI Қазақстан Республикасының Заңы;

- террористік акт болған кезде террористік тұрғыдан осалобъектілердің лауазымды адамдарының, басшыларының және қызметкерлердің әрекеттері туралы нұсқаулық.

Террористік тұрғыдан осалобъектілердің бірінші басшылары ғимараттарды тексеру, жарылғыш құрылғылар қоюға болатын орындарды анықтау техникасы бойынша персоналдың профилактикалық және оқыту іс-шараларын жүзеге асыруды ерекше бақылауға алуы қажет. Бұл сабақтарды тоқсанына кемінде бір рет өткізу ұсынылады. Қажет болған жағдайда, Алматы қаласы Полиция департаментіне хабарласыңыз.

 

Дата публикации
03 февраля 2021