8 жасар баланың жоғалып кеткендігі түстен кейін белгілі болды. Баланың анасының айтуынша, ол өз үйінің ауласынан жоғалып кеткен.
«Күндізгі сағат бірде жоғалып кетті, тұрғын үй кешенінің күзетілетін ойын алаңында ойнап жүрген. Өзіміз іздеуге тырыстық, бірақ іздеу жақсылыққа алып бармады. Тұрғын үй кешенінің операторының қызметіне жүгіндік, бәрі бекер болды. Кешкі сағат 17: 50-де Бостандық ауданының ювеналды полиция инспекторы Динара Мағзумова маған оны әкеліп берді. Мен жақсы атқарылған жұмыс үшін үлкен ризашылығымды білдіргім келеді. Өтінемін, дәл осылай жұмыс жасаңыздар: шынымен, жылдамдыққа. Рахмет », - деді, Алматы қаласының тұрғыны Надежда Яковлева.
Бостандық аудандық полиция Басқармасының хабарлауынша, бала сауда үйінен табылған. Ол өздігінен серуендеуге бел буып, үйден алшақтап, уақытты мүлдем ұмытып кеткен болып шықты.
«Ең бастысы - бала аман-есен табылды. Қазір ол отбасымен бірге. Қала тұрғындарына жақсы кеңес бергім келеді: егер балалар жоғалып кетсе, уақыт минутқа есептеледі: тәуелсіз іздеулермен қатар іздеу масштабын кеңейту үшін дереу «102» пультіне дабыл беру керек. Балалар - біздің қоғамның әлсіз буыны, олар қиындықтарға тап болуы мүмкін. Әр минут - алтынмен өлшенеді », - деді, Бостандық аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Думан Аухадиев.