Зауыт салуға уәде беремін: Атырау қаласының тұрғыны Алматы полициясына алаяқтың ұсталғаны үшін алғысын айтты

 Атырау қаласының тұрғыны Алматы қаласының полиция қызметкерлеріне ризашылығын білдірді. Оның хатында, кәсіби шеберлігі мен шебер басшылығының арқасында, ҚР ҚК-нің 190 бабы 4 бөлімі 2 тармағы - ірі көлемде жасалған алаяқтық фактісі бойынша бес жылы бойы тергеліп жатқан қылмыстық іс аяқталды және сотқа жіберілді, бұл дегеніміз, қылмыс жасаған адам әділ жазасын алады делінген.
«Қылмыс бес жыл бұрын жасалған. Атыраулық ерлі-зайыптылар Алматыдан пәтер алуға бел буады. Сол үшін олар шаһарға келеді. Бірақ таныстарымен кездесу олардың жоспарларын өзгертті. З.азаматша және оның «ағасы» жәбірленушілерді пәтер сатып алуға емес, зауыт құрылысына қаржы салуға көндіреді. Жақсы пайда мен дивидендтерді уәде етеді. Тиісті құжаттарда көрсетілді, ал дәлелдердің сенімді болғаны соншалық, алаяқтардың қалтасына 142 мың долларды «салып берді». Бір жыл бойы Атыраулықтар пайданы күтті. Бекер. Осы кезде қаскөйлердің ізі де жоғалып кетті: олар телефондарын өшіріп тастады, байланысқа шықпады. Содан кейін алданған отбасы полицияға арыз жазды. Қылмыстық іске қатысы бар басты тұлға іздеу тізіміне алынды, ол басқа аймақта ұсталды. Қазір ол сотқа жіберілді және жақын арада оған қатысты сот үкімі шығады », - деді, Алмалы аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімі бастығының орынбасары Эльбрус Сұлтанқұлов.
Хат авторы - тергеуші О.А.Сағат және ПБ орынбасары Э.Сұлтанқұловтың қызметтік міндеттерін мінсіз орындағанын атап өтті.
«Қызметкерлердің тергеуге деген сауатты көзқарасы, қорғаушының, зардап шеккен тараптың өтініштеріне шыдамдылығы мен жауаптылығы, кәсіби мұқият болғаны тергеуге нүкте қоюға мүмкіндік берді. Қаскөй ұсталды. Мен тергеушілердің кәсіби және адами қасиеттері туралы Алматы қаласының полиция басшылығы мен қоғамды хабардар етуді азаматтық парызым деп санаймын. Сіздердің бағыныштыларыңызда осындай қызметкерлер мүмкіндігінше көп болғанын шын жүректен тілейміз. Біз олардың әрқайсысына істегі ерліктері үшін алғыс айтамыз », - делінген алғыс хатта.

Дата публикации
01 февраля 2021