2021 жылдың 30 қыркүйек айы бойынша Алматы қаласында 1049 күзет қызметі субъектісі есепте тұр, оның ішінде: жеке күзет ұйымдары – 1031, жеке күзет ұйымдарының филиалдары – 17, жеке күзет ұйымдарының өкілдіктері – 1. Күзет құрылымдарында 16102 күзетші бар.
242 күзет қоңырау құралдарын монтаждау, ретке келтіру және техникалық қызмет көрсету фирмалары бар, соның ішінде: жеке тұлға – 27, заңды тұлға – 215. Онда 338 қызметкер жұмыс істейді.
2021 жылдың 9 айында 199 мемлекеттік қызмет көрсетілді.Қазақстан Республикасы бойынша күзет қызметінің барлық түріне 195 мемлекеттік лицензия берілді, соның ішінде: 50 жаңадан, 20 заңды мекенжайының ауысуына байланысты, ҚР Заңында қайта рәсімдеу талаптарына сәйкес 125, бас тарту 4 .
Есептен 34 ЖКҰ шығарылды, оның ішінде жойылғаны 8 ЖШС, өз еркімен қайтару 20, басқа аймаққа заңды мекен жайының ауысуына байланысты 5.
Бөлімге лицензия алу кезіндегі жұмысы бойынша шағым мен ескертпелер түспеді.