
Алматы облысының полиция қызметкерлері жол ұйымдарының алдағы қысқы кезеңге дайындығын тексеруде.
Тексеру барысында арнайы техникалардың техникалық жай-күйіне, жол жамылғысын өңдеуге қажетті инертті материалдар қорының болуына, сондай-ақ ауа райы жағдайы нашарлаған кезде жедел әрекет етуге дайындық деңгейіне ерекше назар аударылады.
Қысқы маусымға дайындықтың маңызы зор. Себебі қар жаууы, көктайғақ және температураның күрт өзгеруі кез келген уақытта орын алып, жол қозғалысы қауіпсіздігіне айтарлықтай әсер етуі мүмкін.
Осындай жұмыстар облыстың барлық аумағында жүргізілуде. Басты мақсат - жолдарға уақтылы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының туындау қаупін азайту және жол қозғалысына қатысушылардың барлығына қауіпсіз жағдай жасау.17:04
2026 жылғы 5 қазан мен 5 қараша аралығында Іле ауданының аумағында «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты - қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ тұрғын үйлер мен аулалардың қауіпсіздік деңгейін арттыру.
Іс-шара аясында полиция қызметкерлері тұрғын үйлер мен аулаларды аралап, тұрғындармен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар құқық бұзушылықтардың алдын алуға, қоғамдық тәртіпті сақтауға және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған тиісті шаралар қабылдануда.
Полиция тұрғындарды қырағылық танытуға, жеке және мүліктік қауіпсіздік шараларын сақтауға, сондай-ақ күдік тудыратын жағдайлар мен құқық бұзушылықтар туралы дереу хабарлауға шақырады.
Қауіпсіздік әрқайсымыздан басталады. Заңды сақтау және қоғамдық тәртіпке жауапкершілікпен қарау - әрбір тұрғынның тыныштығы мен амандығының кепілі.
Центром оперативного управления проводится системная работа по пресечению фактов нарушения правил благоустройства и мелкого хулиганства, а также формированию культуры поведения и бережного отношения к окружающей среде.
С начала года центром установлено 2740 нарушения правил благоустройства и 316 фактов мелкого хулиганства. По каждому из них приняты соответствующие меры в рамках действующего законодательства.
«Таза Қазақстан» - это не разовая акция, а норма жизни, которая начинается с личной ответственности каждого. Чистые улицы и ухоженные территории - это вклад в комфортную и безопасную среду, которую мы создаем сегодня ради светлого и чистого будущего наших детей.16:58
Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол-көлік оқиғалары мен жолдағы жағдайды талдау нәтижесінде апат қаупі жоғары деп анықталған учаскелерде профилактикалық жұмыстар жүргізуде.
Мұндай жерлерде қосымша қауіпсіздік шаралары қабылданады. Соның бірі - жолдың жүріс бөлігін уақытша тарылту. Жолақ енінің азаюы көлік құралдарының жылдамдығын төмендетуге және жүргізушілердің қауіпті учаскеден өту кезінде барынша мұқият болуына ықпал етеді.
Қабылданып жатқан шаралардың басты мақсаты - жол қозғалысына қатысушыларға кедергі келтіру емес, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, ықтимал зардаптардың ауырлығын азайту және адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау.
Жолдағы қауіпсіздік әрбір қозғалысқа қатысушының мұқият болуынан және жол қозғалысы ережелерін сақтауынан басталады (бейне-ролик сілтемесі https://www.instagram.com/p/DeMO514sjE5/).
Полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған екі азаматты жауапкершілікке тартты.
Тексеру барысында 41 жастағы Бағдат Жұмағұлов пен 34 жастағы Айтмағамбет Қайырбаев анықталды. Аталған азаматтардың қоғамдық орында болып, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзғаны және айналасындағыларға анық құрметсіздік танытқаны анықталды.
Материалдарды қарау нәтижесінде азаматтардың әрекеттері «Ұсақ бұзақылық» ретінде сараланды. Сот шешімімен екі құқық бұзушыға да 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды.
Полиция қызметкерлері жауапкершілікке тартылған азаматтармен қоғамдық тәртіпті бұзудың қайталануына жол бермеуге бағытталған профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
«Заң мен Тәртіп» дер кезінде және толық көлемде қамтамасыз етілді.
Полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларын мониторингтеу барысында Алматы - Шелек - Қорғас автожолының 140-шақырымында көлік жүргізушісінің бұзақылық сипаттағы әрекетін тіркеді.
Бейнежазбада жүргізушінің камераның жанынан өтіп бара жатып, оған әдейі әдепсіз қимыл көрсеткені анық көрінеді.
Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер сұр түсті Mercedes-Benz маркалы көліктің орналасқан жерін анықтап, оны тоқтатты. Жүргізуші анықталып, жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар тексеру барысында жүргізушінің камераға жақындаған кезде мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін қасақана жасырғаны анықталды. Осыған байланысты оған қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің тиісті баптары бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылды.
Материалдар процессуалдық шешім қабылдау және құқық бұзушыны жауапкершілікке тарту үшін сотқа жолданды.
Қарасай ауданында полиция қызметкерлері 3 қазанда «EGOV.PRESS» ақпараттық арнасында жарияланған бейнежазбаға қатысушыларды анықтады. Кадрларда Алматы - Астана автожолында бірнеше көліктің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып жүргені көрсетілген.
Жедел іс-шаралар барысында әкімшілік құқық бұзушылық жасаған төрт жүргізуші анықталды. 3 қазан күні сағат 00:30 шамасында олардың Жібек Жолы ауылындағы мейрамханадан шығып, Алматы - Астана автожолы арқылы қозғалғаны анықталды.
Әкімшілік жауапкершілікке Жолдасбай Еркебұлан, Махсетов Бекарыс, Жұмалиев Ержан және Тұрғанбай Ардақ тартылды. Жүргізушілерге қатысты жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу және бұзақылық фактілері бойынша барлығы 13 әкімшілік хаттама толтырылды.
Сонымен қатар BMW көлігінің люгінен пиротехникалық бұйымдарды іске қосқан Базарымбетов Мейірбектің жеке басы анықталды. Оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.
Осылайша, оқиғаға қатысушыларға қатысты барлығы 14 әкімшілік хаттама толтырылды.
Материалдарды қарау нәтижесінде сот құқық бұзушыларға 10 тәулікке әкімшілік қамақ түріндегі жаза тағайындады.
Полиция жолдағы демонстрациялық және қауіпті әрекеттер қозғалысқа қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін ескертеді. Мұндай құқық бұзушылықтар полицияның ерекше бақылауында.
Алматы облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция батальоны қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алуға және ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін құқық бұзушылықтарға жол бермеуге бағытталған профилактикалық іс-шараларды тұрақты түрде жүргізіп келеді.
Әлеуметтік желілерге контент түсіру үшін қасақана жол қозғалысы ережелерін бұзатын, көшелерде дрифт жасап, қауіпті жағдай туғызатын жүргізушілерге ерекше назар аударылады.
Осындай жүргізушілерге арнайы үндеу жасағымыз келеді. Жол - ойын-сауық пен қаралым жинайтын орын емес. Кез келген ойланбай жасалған маневр жол-көлік оқиғасына әкеліп, тек жүргізушінің ғана емес, басқа да жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін.
Жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға, айналадағыларға қауіп төндірмеуге және өз әрекеттері үшін жауапкершілік бар екенін есте сақтауға шақырамыз.
Жолдағы «Заң мен Тәртіп» әр адамның жеке жауапкершілігінен басталады.
Алматы облысының полиция департаментінің 10 патрульдік автокөлігі жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін арттыруға және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға арналған Sergek Patrol Box кешендерімен жабдықталған.
Кешен жол қозғалысы ережелерінің бұзушылықтарын автоматты түрде тіркеп, жүргізушілердің қауіпті әрекеттерін уақтылы анықтауға және жолдардағы тәртіпті арттыруға мүмкіндік береді.
Заманауи технологияларды пайдалану «Заң мен Тәртіп» қағидатының маңызды бөлігі болып табылады. Негізгі мақсат - жазалау емес, құқық бұзушылықтардың алдын алу, жол-көлік оқиғаларының санын азайту және жолдағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Үш негізгі құқық бұзушы Әкімшілік кодекстің бірнеше бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.
Қарасай ауданының тұрғындары болып табылатын Toyota Land Cruiser автокөлігінің жүргізушісі - Ногай Айдос, ВАЗ автокөлігінің жүргізушісі - Оналбеков Ринат және Mercedes-Benz автокөлігінің жүргізушісі - Ихан Дамир сот шешімімен әрқайсысы 10 тәулікке қамалды.
Полиция мұндай әрекеттерге жол берілмейтінін ескертеді. Заң мен тәртіп қағидасы толығымен қамтамасыз етіледі.19:10