КҮШ – БІРЛІКТЕ: ҚОНАЕВ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯСЫНЫҢ КӨПҰЛТТЫ КОМАНДАСЫ ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІПТІ ҚАЛАЙ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕДІ

КҮШ – БІРЛІКТЕ: ҚОНАЕВ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯСЫНЫҢ КӨПҰЛТТЫ КОМАНДАСЫ ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІПТІ ҚАЛАЙ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕДІ

Қонаев қаласы полиция басқармасында түрлі ұлт өкілдері қызмет етеді. Оларды ортақ бір мақсат біріктіреді. Ол – құқықтық тәртіпті сақтау мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Руслан Сепсуев, Виктор Димьяненко және Данияр Дәулетияр әртүрлі бөлімдерде жұмыс істейді, бірақ біртұтас механизм сияқты қызмет етеді.

Бірі – жедел жұмыстармен айналысса, екіншісі – құқықбұзушылықтың алдын алады, үшіншісі – көшелерді патрульдейді. Әрқайсысының өз міндеті мен жауапкершілік аймағы бар. Бірақ оларды біріктіретін ортақ құндылықтар – Отанға деген сүйіспеншілік, Антқа адалдық және күш бірлікте деген сенім.

– Біздің шығу тегіміз, мәдениетіміз, тіліміз бөлек. Бірақ бұл бізге бір команда болып жұмыс істеуге ешқашан кедергі болған емес. Керісінше, әртүрлілік бізді күшейтеді. Әрқайсымыз бір-бірімізді толықтырып, тәжірибесімен бөлісіп, жұмыс пен өмірде бір-бірімізге қолдау көрсетеміз, – дейді полицейлер.

Қонаев қаласы полиция басқармасының ұжымы – ұлттық бірлік пен келісім идеясының күнделікті қызмет барысында нақты жүзеге асып жатқандығының жарқын мысалы. Мұнда әркімнің дәстүріне құрметпен қарап, бастамаларды қолдап, берік достық қарым-қатынас орнаған.

Бүгінде құқық қорғау органдарының алдында қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыспен күресу және халық сенімін арттыру сияқты маңызды міндеттер тұрған сәтте, ұйым ішіндегі ауызбіршілік пен сенім атмосферасын сақтау аса маңызды. Себебі әр қызметкер өзін ортақ істің маңызды бөлігі ретінде сезінуі керек.

Қонаев қалалық полицейлері ұлтымызға, дінімізге, шыққан тегіне қарамастан елімізге, заңға, халыққа қызмет еткенде бәріміз бірлігіміз жар болатынын көрсетеді.