ӨҢІР ЖОЛДАРЫНДА ПАТРУЛДІК БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛДІ

ӨҢІР ЖОЛДАРЫНДА ПАТРУЛДІК БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛДІ

Өңір аумағында жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және жол қозғалысына қатысушылардың мәдениетін арттыруға бағытталған «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасы жалғасуда.

Демалыс күндері полицейлердің жұмысы күшейтілді: патрульдік жасақтардың саны артты, олар күшейтілген режимде қызмет атқаруда. Ерекше назар апатты қауіпті учаскелерге, халық көп шоғырланатын орындарға және қала сыртындағы тас жолдарға аударылып отыр.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жол жүру ережелерін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Жол қозғалысы ережелерінің өрескел бұзушылықтары, оның ішінде көлікті масан күйде басқару және жылдамдықты асыру фактілері анықталуда.

Полиция барлық жол қозғалысына қатысушыларды барынша мұқият болуға, жол ережелерін қатаң сақтауға және жолдағы қауіпсіздік әрқайсымыздың жауапкершілігімізден басталатынын ұмытпауға шақырады. Өзіңіздің де, айналаңыздағы адамдардың да өмірін сақтаңыздар!