ПОЛИЦЕЙЛЕР 100 МИЛЛИОН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРАЖАТ ИЕМДЕГЕН ДРОППЕРЛЕР ТОБЫН ҰСТАДЫ

ПОЛИЦЕЙЛЕР 100 МИЛЛИОН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРАЖАТ ИЕМДЕГЕН ДРОППЕРЛЕР ТОБЫН ҰСТАДЫ

Алматы облысы ПД киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Telegram мессенджері арқылы алаяқтықпен айналысқан топты құрықтады. ҚР ІІМ киберқылмысқа қарсыіс-қимыл департаменті мен облыстық прокуратураның үйлестіруімен қылмыстық схеманың үш ұйымдастырушысы мен алты дроппер анықталды.

– 2024 жылғы желтоқсаннан бастап жетекші, өз атына немесе үшінші тұлғаларға банк карталарынресімдеген 15-тен астам дроппер-тұлғалардан тұратын желіні басқарған. Осы шоттар арқылы 100 миллион теңгеден астам сомаға 500-ден астам операция өтті.Әрбір транзакция үшін жетекші комиссияның 5% алып отырған, бұл оған 10 миллион теңгеден астам пайда әкелді, – деп атап өтті киберполицейлер.

Қылмыстық схеманыңүш ұйымдастырушысы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеру жүргізілуде.

Полиция азаматтарды қырағы болуға және банктік деректерін бөгде адамдарға бермеуге шақырады.Күдікті қаржылық операциялар анықталған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына жүгінген жөн.