АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА МОТОТЕХНИКА ҰРЛАҒАН КҮДІКТІЛЕР ҰСТАЛДЫ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА МОТОТЕХНИКА ҰРЛАҒАН КҮДІКТІЛЕР ҰСТАЛДЫ

Алматы облысы Іле ауданы Ақсай ауылында полиция қызметкерлері қысқа мерзімде мототехника ұрлаған күдіктілерді ұстады. Ағымдағы жылдың 23 наурызында Іле ауданының полициясына 50 жастағы жергілікті тұрғынынан мопедінің ұрланғаны туралы арыз түсті. Ер адамның айтуынша, белгісіз адамдар үйінің ауласынан ұрлық жасап, 556 667 теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.

– Оқиға орнына шұғыл түрде жедел-тергеу тобы жіберілді. Аймақты тексеру барысында полицейлер қылмыс іздерін зерттеп, куәгерлерден сұрастырып, бейнебақылау камера жазбаларын тексерді. Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері екі күдіктіні анықтап, ұстады. Олар өз кінәсін толық мойындады, – деп хабарлады полиция өкілдері.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда олардың осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Полиция азаматтарға қауіпсіздік шараларын сақтауды және көліктерді қараусыз қалдырмауды ескертеді. Қосымша қорғаныс құралдарын пайдаланыңыз. Күдікті жағдайлар туындаған жағдайда дереу полицияға хабарласыңыз.