ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСТЫҒЫ «АМАНАТ» ПАРТИЯСЫНДА АЗАМАТТАР ҚАБЫЛДАУЫН ӨТКІЗДІ

ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСТЫҒЫ «АМАНАТ» ПАРТИЯСЫНДА АЗАМАТТАР ҚАБЫЛДАУЫН ӨТКІЗДІ

Бүгін «Аманат» партиясының қоғамдық қабылдауында Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы Мейрам Әбікеев азаматтар қабылдауын өткізді. Мұндай кездесулердің тұрақты өткізілуі құқық қорғау органдарының ашық болуға, азаматтардың өтініштерін тыңдауға және олардың мәселелеріне жедел жауап беруге дайын екендігін көрсетеді.

Қабылдау барысында құқық тәртібін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтарын қорғау және полицияның халықпен өзара әрекеттесуіне қатысты түрлі мәселелер талқыланды. Әрбір өтініш бойынша Мейрам Әбікеев олардың орындалуын жеке бақылауына алып, тиісті тапсырмалар берді.

– Жыл басынан бері осындай 11 кездесу өткізіліп, 100-ге жуық азамат қабылданды. Көптеген мәселелер шешімін тауып, тұрғындар полиция жұмысына ризашылықтарын білдіруде. Дегенмен, мұқият тексеруді және тергеуді қажет ететін күрделі жағдайлар да бар. Мұндай мәселелер қолданыстағы заңнама аясында жан-жақты қарастырылуда, – деді полиция полковнигі Мейрам Әбікеев.

Азаматтарды тұрақты түрде қабылдау халықтың билікке деген сенімін нығайтуға, қоғам мен құқық қорғау органдары арасында ашық диалог орнатуға, сондай-ақ тұрғындарды алаңдататын мәселелердің әділ шешілуіне ықпал етеді.