УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОРДІҢ ҚЫРАҒЫЛЫҒЫ ЖОҒАЛҒАН БАЛАНЫ АТА-АНАСЫНА ҚАЙТАРУҒА КӨМЕКТЕСТІ

УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОРДІҢ ҚЫРАҒЫЛЫҒЫ ЖОҒАЛҒАН БАЛАНЫ АТА-АНАСЫНА ҚАЙТАРУҒА КӨМЕКТЕСТІ

Облыс орталығындағы тұрғын аудандарының бірінде учаскелік полиция инспекторы Мақсұт Расұл қараусыз қалған кішкентай баланы байқап қалды. Тәртіп сақшысы бірден ата-анасының жеке басын анықтау шараларын қолға алды.

Екі жасар баламен тілдесіп, оның шынымен адасып кеткеніне көз жеткізген соң, инспектор бірден кезекші бөлімге хабар беріп, іздеу туралы ақпаратты барлық қолжетімді арналар мен мессенджер топтарына таратты. Жедел әрекеттің нәтижесінде ата-анасы тез арада табылды.

Белгілі болғандай, бала бір сәтке атасынан қалып қойып, алаңдап жол таба алмай қалған. Полиция қызметкерінің қырағылығы мен жедел әрекетінің арқасында бүлдіршін аман-есен ата-анасына оралды.

Бұл оқиға учаскелік инспекторлардың күнделікті жұмысының маңыздылығын, олардың сергектігі мен жанашырлығын және әрдайым көмекке келуге дайын екенін айқын көрсетеді.

Бұл оқиға учаскелік инспекторлардың күнделікті еңбегінің маңыздылығы мен жанашырлығының, сондай-ақ олардың азаматтарға әрдайым көмекке келуге дайын екендігінің жарқын дәлелі.