АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТІ КҮШЕЙТТІ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТІ КҮШЕЙТТІ

Интернет-алаяқтықтың қарқынды өсуіне байланысты облыстық киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қылмыстық схемаларды анықтау және қаржылық қылмыстардың алдын алу жұмыстарын күшейтті.

Тұрақты негізде киберполицейлер оқу орындарына, еңбек ұжымдарына және қоғамдық алаңдарға барып, халықпен түсіндіру әңгімелесулерін өткізеді. Кездесулер барысында азаматтарға интернет-алаяқтардың негізгі әдістері, банк карталарын қауіпсіз пайдалану ережелері және жеке деректерді қорғау бойынша ұсыныстар түсіндіріледі.

Бұдан бөлек, құқық қорғау органдары екінші деңгейлі банктермен тығыз жұмыс істеп, күмәнді қаржылық операцияларды бақылап, алаяқтар адамдарды алдайтын интернет-ресурстарды зерттейді. Әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында жаңа алаяқтық түрлері туралы ескертулер мен олардан қорғану тәсілдері үнемі жарияланады.

Полиция ескертуде: егер сізге күмәнді қоңырау немесе ақша аударуды сұраған хабарлама келсе, ақпаратты ресми дереккөздерден қайта тексеріңіз. Алаяқтық құрбаны болған жағдайда, дереу құқық қорғау органдарына хабарласыңыз.