АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ПОЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ МЕН ІІМ АКАДЕМИЯСЫ ТҮЛЕКТЕРМЕН КӘСІБИ БАҒДАР БОЙЫНША КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗІЛДІ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ПОЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ МЕН ІІМ АКАДЕМИЯСЫ ТҮЛЕКТЕРМЕН КӘСІБИ БАҒДАР БОЙЫНША КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗІЛДІ

2025 жылғы 28 ақпан мен 1 наурыз аралығында ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының өкілдері және Алматы облысы ПД кадр басқармасының қызметкерлері өңірдегі мектептер мен колледждердің оқушылары арасында кәсіби бағдар беру іс-шараларын ұйымдастырды. Кездесулер Қонаев қаласының, Жамбыл және Еңбекшіқазақ аудандарының 12 оқу орнында өтті.

Кәсіби бағдар беру жұмыстары ҚР ІІМ академиясының 2025 жылғы 3 ақпанда жарияланған 2025-2026 оқу жылына үміткерлерді тарту жөніндегі бастамасы аясында жүзеге асырылды. Жұмыс тобының құрамында криминалистика кафедрасының доценті, полиция подполковнигі А.Е. Түткушев және Алматы облысы ПД кадр қызметінің қызметкерлері болды.

Кездесулер оқушылар арасында үлкен қызығушылық тудырды. 200-ден астам мектеп оқушылары мен студенттер полиция қызметі туралы көбірек білуге және сұрақтар қоюға мүмкіндік алды. Олар үшін ақпараттық буклеттер әзірленіп, академия курсанттарының өмірі туралы бейнероликтер көрсетілді. Академия өкілдері оқуға түсу тәртібі, конкурстық іріктеу, оқу бағдарламасы, мансаптық өсу мүмкіндіктері және курсанттарға көрсетілетін әлеуметтік қолдау туралы жан-жақты ақпарат берді.

Сонымен қатар, сапар аясында академияның 4-курс курсанттарының кәсіби тәжірибеден өту барысына әдістемелік бақылау жүргізілді, сондай-ақ бакалавриат және бастапқы даярлық бағдарламаларына түсу бойынша ұсыныстар берілді.