АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЖЕР ҚОЙНАУЫН ЗАҢСЫЗ ПАЙДАЛАНУЛАРДЫ АНЫҚТАУ БОЙЫНША РЕЙДТІК ІС-ШАРАЛАР ӨТУДЕ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЖЕР ҚОЙНАУЫН ЗАҢСЫЗ ПАЙДАЛАНУЛАРДЫ АНЫҚТАУ БОЙЫНША РЕЙДТІК ІС-ШАРАЛАР ӨТУДЕ

Алматы облысы полиция департаменті 2025 жылғы 17-19 наурыз аралығында заңсыз жер қойнауын пайдалану фактілерін анықтауға және жолын кесуге бағытталған рейдтік іс-шаралар өткізуде.

Басты мақсат – заңсыз өндіруге жол бермеу, жер қойнауын пайдалану саласындағы заң бұзушылықтарды анықтау, өңірдің экологиялық қауіпсіздігін сақтау. Рейдтік іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері уәкілетті органдардың өкілдерімен бірлесіп карьерлерді, құрылыс алаңдарын және заң бұзушылықтар болуы мүмкін басқа да нысандарды тексереді.

Полиция департаменті жер қойнауын заңсыз пайдалану әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады. Осы салада қызмет ететін азаматтар мен кәсіпкерлер заң талаптарын қатаң сақтап, тиісті рұқсаттарды алуы қажет.