Алматы облысы Полиция департаментінде кезекті азаматтарды қабылдау өтті. Оны облыстық ведомство басшысы, полиция полковнигі Мейрам Әбікеев жүргізді. Кездесу «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаларын іске асыру және құқық қорғау органдарының қоғам алдында ашықтығын қамтамасыз ету аясында ұйымдастырылды.
Қабылдау барысында тұрғындар қылмыстық істерге қатысты түрлі мәселелерін көтерді. Азаматтарға өз өтініштері бойынша түсіндірмелер беріліп, әрі қарайғы әрекеттеріне қатысты нақты ұсыныстар айтылды.
Полиция полковнигі Мейрам Әбікеев әрбір өтініштің назардан тыс қалмайтынын атап өтті. Көтерілген барлық мәселелер жеке бақылауға алынып, заңнамаға және белгіленген мерзімдерге сәйкес қаралатын болады.
Құқық қорғау органдары халық пен полиция арасындағы сенімді нығайту мақсатында азаматтарды тұрақты түрде қабылдауды жалғастырады.