«МИГРАНТ» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ: КӨШІ-ҚОН ЗАҢНАМАСЫНЫҢ ОНДАҒАН БҰЗУШЫЛЫҚТАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

«МИГРАНТ» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ: КӨШІ-ҚОН ЗАҢНАМАСЫНЫҢ ОНДАҒАН БҰЗУШЫЛЫҚТАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

11-14 наурыз аралығында Қарасай ауданының аумағында «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Оның мақсаты – қоғамдық тәртіпті сақтау, көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін анықтау, сондай-ақ заңсыз көші-қонның алдын алу және жолын кесу.

Тек соңғы тәулікте ғана осы іс-шара аясында көші-қон заңнамасын бұзудың 47 фактісі анықталды. Қазақстан Республикасында болу ережелерін сақтамағаны үшін 33 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал шетелдік азаматтарды уақытында тіркемегені үшін 11 Қазақстан азаматы жауапқа тартылды.

Сонымен қатар, заңсыз көші-қонды ұйымдастыру және шығарылу туралы сот шешімін орындамау фактілері бойынша қылмыстық істер тіркелді. Іс-шаралар нәтижесінде төрт шетелдік азамат ел аумағынан шығарылды.

Қарасай ауданының полиция басқармасы шетелдік азаматтардың тіркеу және елде болу ережелерін сақтау – тек мигранттардың ғана емес, оларды қабылдаушы тараптың да жауапкершілігі екенін еске салады.