
Полиция қызметі – тек қылмыскерлерді ұстау мен жедел әрекеттер ғана емес. Бұл – өзгенің тағдыры үшін күрес, қиын жағдайға тап болған адамдарға қол ұшын созу. Отбасылық зорлық-зомбылықпен күрес бөлімінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Динара Тәнірберген мұны бәрінен жақсы біледі.
Ол ішкі істер органдарында 2014 жылдан бері қызмет етіп келеді. Осы уақыт ішінде Штабта, жасөспірімдер ісі жөніндегі инспектор болып жұмыс істеді, ал бүгінде тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының құқықтарын қорғаудың алдыңғы шебінде тұр. Бұл – ауыр, бірақ өте маңызды жұмыс. Тек зорлық-зомбылық фактілеріне әрекет ету ғана емес, сонымен бірге адамдардың тағдырын өзгерту, оларға әділдікке деген сенімді қайтару.
Кәсібилік пен қатаң талаптардың артында сүйікті ана мен өз ісіне берілген жан тұр. Динара қыз тәрбиелеп, жұмыс пен жеке өмір арасындағы тепе-теңдікті сақтай біледі. Оның басты хоббилерінің бірі – жүзу. Бұл спорт оған ішкі үйлесімділік пен төзімділікті сақтауға көмектеседі.
– Біздің кәсібімізде заңды білу жеткіліксіз, ең бастысы – сандар мен баптардың артында адамды көре білу, – дейді Динара. Дәл осы қасиет оны жай ғана полиция қызметкері емес, адамдарға жаңа өмір бастауға көмектесетін жанашыр тұлға етеді.
8 Наурыз қарсаңында осындай қайсар, дана және өз ісіне адал әйелдер полицияда көбейе берсін деп тілейміз. Өйткені олардың еңбегі – тек заңды қорғау ғана емес, сонымен қатар адам тағдырын сақтау.