ДИАНА ЖАЙНАКОВА: ҚЫЗМЕТ, СПОРТ ЖӘНЕ БАСТЫ ӨМІРЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАР ТУРАЛЫ

ДИАНА ЖАЙНАКОВА: ҚЫЗМЕТ, СПОРТ ЖӘНЕ БАСТЫ ӨМІРЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАР ТУРАЛЫ

Диана Серікқызы Жайнакова – құқық қорғау органдарының жас қызметкері. Ол 2022 жылы полиция қатарына қосылды. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін «Шығыстану» мамандығы бойынша тәмамдап, қоғамға қызмет етуді және құқықтық тәртіпті қорғауды өз өмірлік жолы ретінде таңдады.

Диана өміріндегі ең үлкен жетістігі – баласы деп санайды. Оның айтуынша, ана болу оған көп нәрсені үйретті. Бұл өміріндегі маңызды кезеңге айналып, жауапкершілік, төзімділік және әр сәттің қадірін білуді дарытты.

Спорт Диананың өмірінде ерекше орын алады. Оның сүйікті ойыны – волейбол, ол командамен жұмыс істеу қабілетін, ептілікті және шыдамдылықты дамытады. Сонымен қатар, ол би мен садақ атумен де айналысады. Бұл спорт түрлері зейінділік пен дәлдікті қажет етеді. Белсенді өмір салтын ұстанатын Диана тауға шығуды да ұнатады.

Диана кітап оқуды және адамдармен шынайы қарым-қатынас жасауды жоғары бағалайды. Ол уақыт – біздегі ең құнды нәрсе деп есептейді және оны босқа өткізуге болмайтынына сенімді. Оның басты өмірлік қағидасы – өз тағдыры үшін жауапкершілік алу. Себебі болашағымыз қандай болатыны тек өзімізге байланысты.

Полиция қызметі – жай ғана жұмыс емес, адалдықты, жанқиярлықты және әділдікке ұмтылысты талап ететін шақыру. Диана Жайнакова өз үлгісі арқылы кәсіби өсу, отбасы, спорт және сүйікті істерді қатар алып жүруге болатынын дәлелдеп келеді. Ол өз өмірлік қағидаларына берік болып, қоғамға адал қызмет етуде.