ГҮЛМИРА ТУРЛИНА: ПОЛИЦЕЙ, АНА, ШАБЫТ БЕРУШІ

ГҮЛМИРА ТУРЛИНА: ПОЛИЦЕЙ, АНА, ШАБЫТ БЕРУШІ

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында тек өзіне жүктелген бірнеше рөлді – ана, жар, кәсіби маман ретінде атқарып қана қоймай, әлемді қауіпсіз ететін әйелдер туралы айтқымыз келеді. Солардың бірі – Қонаев қалалық полиция басқармасының отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес тобының аға инспекторы Гүлмира Турлина. Ол 15 жылдан астам уақыт бойы құқықтық тәртіпті қамтамасыз етіп, қиын жағдайға тап болған әйелдер мен балаларға қолдау көрсетіп келеді.

2009 жылы ішкі істер органдарында қызметін бастаған Гүлмира кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор, штаб қызметкері және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінде еңбек етті. Оның жұмысы – тек отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес емес, сонымен қатар алдын алу, қолдау көрсету және ең бастысы – жәбірленушілердің сенімін қалпына келтіру.

Қызметінен бөлек, Гүлмира – үш баланың қамқор анасы. Оның үлкен ұлы – төртінші курс студенті, кенжесі спортпен белсенді айналысады, ал тоғыз жасар қызы болашақта суретші болуды армандайды. Жұмыс кестесінің тығыздығына қарамастан, ол әрдайым отбасы мен сүйікті ісіне уақыт табады: аспаздық, іс-шараларды ұйымдастыру, видео жасау, тіпті бағдарламалау.

– Полиция қатарында әйел болу – бұл жай ғана жұмыс емес, бұл – миссия. Біз қылмыспен күресіп қана қоймай, адамдарға өзіне, заңға, әділдікке деген сенімін қайта табуға көмектесеміз, – дейді Гүлмира.

8 Наурыз мерекесі қарсаңында қызметін, отбасын және өзін-өзі дамытуды қатар алып жүрген барлық әйелдерді құттықтаймыз. Олардың күші, даналығы мен мейірімі әлемді жақсылыққа қарай өзгерте берсін!