КҮШТІ, МАҚСАТШЫЛ КӘСІБИ МАМАН: МАЙГҮЛ БАЛАҒАЗЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ МЕН ӨМІРІ ТУРАЛЫ

КҮШТІ, МАҚСАТШЫЛ КӘСІБИ МАМАН: МАЙГҮЛ БАЛАҒАЗЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ МЕН ӨМІРІ ТУРАЛЫ

Қазіргі заманда полициядағы әйел – сирек құбылыс емес, уақыттың талабы. Олар тек отбасының ұйытқысы ғана емес, сонымен бірге күрделі сынақтарға дайын кәсіби маман бола алатынын дәлелдеп келеді. Осындай мықты да мақсатшыл жандардың бірі – Алматы облысы ПД Тергеу басқармасының аға тергеушісі, полиция аға лейтенанты Майгүл Балағазы.

Майгүл 1993 жылы 19 тамызда Алматы облысында дүниеге келген. 2015 жылы Орталық Азия университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдады. 2021 жылы ішкі істер органдарына қызметке келіп, Еңбекшіқазақ АПБ Тергеу бөлімінде тергеуші болып жұмыс істеді. Қысқа уақыт ішінде өзін білімді, жауапты маман ретінде көрсете білді, бүгінде Алматы облысы ПД-ның Тергеу басқармасының аға тергеушісі қызметін атқарады.

Оның жұмысы тек заңнаманы білуді ғана емес, сонымен қатар төзімділікті, аналитикалық ойлауды және ең күрделі жағдайларда дұрыс шешім қабылдау қабілетін талап етеді. Тергеуші болу – жай ғана мамандық емес, барынша адалдық пен жанқиярлықты қажет ететін миссия.

Алайда Майгүлдің кәсіби қатаңдығының артында мықты рух пен спортқа деген сүйіспеншілік жатыр. Ол бала кезінен күреспен айналысады, еркін күрестен спорт шебері, қоян-қолтық ұрыстан спорт шеберіне үміткер. Спорттық тәжірибесі оған қызметте де үлкен көмек береді – төзімділікке, сабырлылыққа және алға қойған мақсаттарға жетуге үйретеді.

Бос уақытында Майгүл кітап оқығанды ұнатады. Ол үшін кітап оқу – жай ғана демалыс емес, үнемі өзін дамыту, ой-өрісін кеңейту және жетілу мүмкіндігі.

Майгүл Балагазының өмір жолы – қызметті, спортты және өзін-өзі дамытуды үйлестіре отырып, күшті, өзіне сенімді және мақсатшыл әйел болудың жарқын үлгісі. 8 Наурыз қарсаңында оның оқиғасы көпшілікке шабыт берері сөзсіз. Өйткені қазіргі заманның әйелі сырттай нәзік көрінгенімен, іштей қайсар болып қала береді.