АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯСЫНДА ЕҢ МЕРГЕН ӘЙЕЛДЕР АНЫҚТАЛДЫ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯСЫНДА ЕҢ МЕРГЕН ӘЙЕЛДЕР АНЫҚТАЛДЫ

Алматы облысында 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай полиция қызметкерлері арасында табельдік қарудан ату бойынша жарыс өтті. Турнир Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасының тирінде өтіп, түрлі бөлімшелердің өкілдерін жинады.

Полицейлер Макаров тапаншасын иеленудің тамаша дәлдігі мен шеберлігін көрсетті.

– Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орын алған Еңбекшіқазақ полиция басқармасының қызметкері И. Даутова үздік атанды. Екінші орынды ЖҚАЖ-тан А. Нұрмұханова жеңіп алды. Үшінші орынды Алматы облысы ПД ЖҚАЖ-ның жауынгері Е. Ережепбаева және Қарасай ауданының қызметкері М. Қамзина бөлісті – деді ұйымдастырушылар.

Жарысқа қатысушылардың даярлығының жоғары деңгейін және олардың кәсіби жетілдіруге деген ұмтылысын атап өту керек. Мұндай жарыстар ату шеберлігін шыңдап қана қоймай, полиция қызметкерлері арасында командалық рухты нығайтуға ықпал етеді.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және қызмет пен спортта жаңа табыстар тілейміз!