КҮШ, МІНЕЗ, ЖЕҢІСКЕ ДЕГЕН ҰМТЫЛЫС: АРУЖАН БЕРДАЛИЕВА ҚЫЗМЕТ, СПОРТ ЖӘНЕ АРМАНДАР ТУРАЛЫ

КҮШ, МІНЕЗ, ЖЕҢІСКЕ ДЕГЕН ҰМТЫЛЫС: АРУЖАН БЕРДАЛИЕВА ҚЫЗМЕТ, СПОРТ ЖӘНЕ АРМАНДАР ТУРАЛЫ

Ішкі істер органдарында күн сайын күш пен табандылықтың жасқа байланысты емес екенін дәлелдейтін жандар бар. Солардың бірі – ЖҚАЖ жауынгері Аружан Бердалиева. Жас болса да, ол криминалисттен элиталық бөлімшенің жауынгеріне дейінгі жолды абыроймен жүріп өтті.

Аружан ішкі істер органдарындағы қызметін 2023 жылы бастады. Тәртіпке деген сүйіспеншілік, төзімділік және өзін-өзі дамытуға ұмтылыс оған күрделі міндеттерді тез игеріп, болашағынан үміт күттіретін қызметкер ретінде танылуына көмектесті.

Спорт – оның өмірінің ажырамас бөлігі. Аружан волейбол және таэквондомен кәсіби түрде айналысады, республикалық турнирлерде бірнеше рет жүлделі орындарға ие болған. Бұл жетістіктер оған қызметте де көмектеседі – спорт адамның өз-өзін жеңуге, жылдам, күшті әрі батыл болуға баулиды.

– Арнайы бөлімшеде әлсіздікке орын жоқ. Мұнда кез келген қиындыққа дайын болу, тез әрі нақты әрекет ету маңызды. Спорт менің мінезімді шыңдап, қызметте жаңа белестерді бағындыруға көмектесті, – дейді Аружан.

Ол арнайы жасақтағы әйел ерекшелік емес деп есептейді. Оның пікірінше, ерік-жігер, күш және табандылық тұрғысынан әйелдер ерлерден кем түспейді.

Аружанның оқиғасы – қызметте, спортта және өзін-өзі дамытуда жетістікке жетуді армандайтын жандар үшін шабыт көзі. Оның сөзінше, ең бастысы – қиындықтардан қорықпау және өз күшіңе сену.