Алматы облысында Өзіндік қауіпсіздік басқармасы полицияның сыртқы қызмет саласындағы құқықтары мен міндеттерін түсіндіруге, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қылмыстарын алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шара өткізді.
— Кездесуінің басты мақсаты – полиция қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыру, ішкі істер органдарындағы заңдылық пен ашықтық қағидаттарын нығайту болды. Іс-шара барысында тәртіп сақшыларына қызметтік этиканы қатаң сақтап, азаматтармен сыпайы әрі әдепті қарым-қатынас орнату, тәртіпті сақтау және заңды шешімдер қабылдау қажеттілігі ескертілді. Сонымен қатар, халықтың сенімін арттыра отырып, қоғам алдында ашық және қолжетімді болу маңызды екені атап айтылды, — деп мәлімдеді ведомствода.
Сондай-ақ, қызметтік көліктер мен ішкі істер органдарының ғимараттарында сенім телефоны мен QR кодтары бар ақпараттық баннерлер орналастырылды, олардың көмегімен азаматтар Алматы облысы бойынша полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері туралы бірден хабарлай алады.