
Жедел-криминалистикалық қызметтің құрылғанына 106 жыл толуына орай Алматы облысы Полиция департаментінде ардагерлерімен кездесу өтті. Іс-шараға облыстық ПД Жедел-криминалистикалық басқармасының запастағы полковнигі Людмила Руслановна Ким мен запастағы подполковник Иван Викторович Гончаров қатысты.
Кездесу барысында дактилоскопиялық есептер базасымен жұмыс істеу бойынша оқу сабағы ұйымдастырылды. Бұл сабақты Иван Викторович Гончаров өткізіп, әріптестерімен өз білімі мен тәжірибесімен бөлісті. Өз кезегінде, Людмила Руслановна Ким криминалистерді рұқсат алу үшін даярлау тақырыбында дәріс оқып, мамандарға қойылатын заманауи талаптарға ерекше назар аударды.
Алматы облысы ПД басшылығы қызмет ардагерлерінің жас қызметкерлерді тәрбиелеудегі және оқытудағы рөлін атап өтті. Департамент бастығының орынбасары, полиция полковнигі Кабдуалиев М. М. ардагерлерге естелік сыйлықтар табыс етті.
Қонақтар мен қатысушылар үшін экскурсия ұйымдастырылды, сондай-ақ Алматы облысы әкімдігі жанындағы Жастар ресурстық орталығында криминалистиканың заманауи аспектілері талқыланған дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара ретро-салон «Тұлпарға» барумен аяқталды. Мұнда қонақтар өткен жылдар атмосферасына еніп, қызмет тарихын еске алды.
Осындай кездесулер жас мамандарға құнды тәжірибені беруге ғана емес, сонымен қатар құқық қорғау органдарындағы ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға ықпал етеді.