
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕ ХАЙП ҮШІН ЖАСАНДЫ ТӨБЕЛЕС ҰЙЫМДАСТЫРҒАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АНЫҚТАЛДЫ
Алматы облысы полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерде назар аударту мақсатында жалған төбелес ұйымдастырған жасөспірімдер тобын анықтады. Оқиғаға қатысушылардың барлығы полиция бөліміне жеткізіліп, тиісті тексеру жүргізілді.
Кәмелетке толмағандарға профилактикалық әңгіме өткізілді, ал олардың ата-аналарына қатысты әкімшілік шаралар қолданылды. Полиция мұндай «пранктердің» жол беруге болмайтынын және олардың ауыр салдарға, соның ішінде халық арасында дүрбелең туындауына әкелуі мүмкін екенін еске салады.
– Мұндай фактілер үнемі анықталып, барлық қатысушылар заң аясында жауапқа тартылады. Балалардың мінез-құлқы үшін ең алдымен ересектер жауапты екенін ұмытпаған жөн. Ата-аналар жасөспірімдердің, әсіресе интернеттегі қызығушылықтарын мұқият қадағалауы қажет, – деп атап өтті полицейлер.