
Бүгін Алматы облысы Полиция департаментінде басшыларға арналған «Табыстың кілті – өзіңді ұсыну қабілеті» тақырыбында семинар-практикум өтті. Іс-шараның мақсаты – коммуникативтік дағдыларды дамыту, өзін-өзі тану, эмоциялық тұрақтылықты қалыптастыру, сондай-ақ өзін-өзі бағалауды арттырып, сенімділікті нығайту.
Тренинг барысында полиция қызметкерлері тиімді қарым-қатынас әдістерімен, өзін-өзі таныстыру тәсілдерімен және стресстік жағдайларда эмоцияларды басқару жолдарымен танысты. Алматы облысы ПД психологы теориялық материалды ұсынып, қатысушыларға тестілеу жүргізді. Сондай-ақ ол өзінің қарамағындағы қызметкерлермен, оның ішінде жас қызметкерлермен қарым-қатынаста қолданылатын практикалық әдістерді көрсетіп берді.
Тренинг қатысушыларды өзін-өзі жетілдіруге, жаңа білім алуға және коммуникативтік құзыреттілікті дамытуға ынталандырды. Ерекше назар жеке құрамға психологиялық қолдау көрсету, тиімді диалог құру және ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыру мәселелеріне аударылды.
Осындай іс-шаралар полиция қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыруға ықпал етіп, олардың әріптестерімен және азаматтармен тиімді қарым-қатынас жасауына көмектеседі, сондай-ақ қоғамның құқық қорғау органдарына деген сенімін нығайтуға септігін тигізеді.