
26 ақпанда «Алматы-Астана» автожолының 56 шақырымында болған жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу жүргізілуде.
Алдын ала мәліметтер бойынша, BMW-728 көлігінің жүргізушісі қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығып, Ford Mondeo автокөлігімен соқтығысқан. Соққы салдарынан Ford өртеніп кеткен. Оқиға орнында Ford көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы, сондай-ақ BMW-нің бір жолаушысы қаза тапты. BMW жүргізушісі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Жылдамдықты асыру, қарама-қарсы жолаққа шығу, рөлдегі немқұрайлық – қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін. Бір жасалған қателік – адам өмірімен тең. Жолда сақ болып, өзіңізге және айналаңыздағы адамдарға қамқор болыңыздар!