ҚОНАЕВ ҚАЛАСЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ КРИМИНАЛИСТ ПЕН КИНОЛОГ МАМАНДЫҚТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

ҚОНАЕВ ҚАЛАСЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ КРИМИНАЛИСТ ПЕН КИНОЛОГ МАМАНДЫҚТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

Қонаев қаласындағы А. Жұбанов атындағы №5 мектеп 9-сынып оқушыларына арналған танымдық кездесу өтті. Іс-шараны ішкі істер органдарының жедел-криминалистикалық және кинологиялық қызметінің мамандары ұйымдастырды. Кездесудің басты мақсаты – оқушыларды криминалист пен кинолог мамандықтарымен таныстыру және болашақ түлектерге кәсіби бағдар беру.

Жедел-криминалистикалық қызметтің мамандары оқушыларға қылмыс орнында айғақтарды қалай анықтап, тәркілейтінін көрсетті. Сонымен қатар, қылмыскерлердің іздерін табу үшін қандай құралдар мен технологиялар қолданылатынын түсіндірді. Оқушылар өздерін криминалист рөлінде сезініп, дәлелдерді жинау мен саусақ іздерін алу үдерісімен танысты.

Кинологиялық қызметтің мүмкіндіктерін көрсету де оқушылар үшін қызықты болды. Полицейлер күнделікті жұмыс тәртібі, жаттығу әдістері мен иттердің қызмет көрсету қасиеттері туралы айтты. Мектеп оқушылары төрт аяқты серіктестердің тәртіп сақшыларына тыйым салынған заттарды табуға және жедел іздестіру іс-шараларына қажетті командаларды қалай орындайтынын тамашалады.

– Мұндай кездесулер жасөспірімдердің құқық қорғау саласындағы мамандықтарға деген қызығушылығын арттырып, болашақ мамандықтарын саналы түрде таңдауға көмектеседі. Ұйымдастырушылардың айтуынша, көптеген оқушылар алдағы уақытта ішкі істер органдарында қызмет етуді армандайды, – деп атап өтті полицейлер.