
1-28 ақпан аралығында Алматы облысында заңсыз аңшылық пен балық аулауға қарсы бағытталған «Браконьер» жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде.
– Бүгінгі таңда полиция қызметкерлері табиғатты пайдалану саласында 11 қылмыстық құқықбұзушылық пен 291 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтады. Рейд барысында заңсыз қарулар, аулау құралдары және басқа да тыйым салынған жабдықтар тәркіленді, – деп атап өтті табиғатты қорғау полициясы.
«Браконьер» профилактикалық іс-шарасы табиғи ресурстарды заңсыз пайдаланудың алдын алу, жануарлар әлемін қорғау және азаматтардың экологияны сақтау жауапкершілігін арттыру мақсатында өткізіледі. Полицейлер аңшылық алқаптарында, қорықтық аймақтарда және су қоймаларында тексерістерді жалғастыруда.
Полиция браконьерлік үшін ірі көлемдегі айыппұлдар мен бас бостандығынан айыру жазасын қоса алғанда, қатаң жауапкершілік қарастырылғанын еске салады. Бұл бағыттағы жұмыстар алдын алу іс-шарасы аяқталғаннан кейін де жалғасатын болады.