АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ҚЫСҚЫ МАРАФОНҒА ҚАТЫСТЫ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ҚЫСҚЫ МАРАФОНҒА ҚАТЫСТЫ

Алматы облысында 10 шақырымдық қашықтыққа «Қысқы жүгіру - 2025» марафоны өтті. Жарысқа кәсіби спортшылармен қатар, Алматы облысы ПД-нің полиция қызметкерлері де қатысып, лайықты нәтижелер көрсетті.

Мұндай іс-шаралар спорттың құқық қорғау органдары қызметкерлерінің өміріндегі маңыздылығын көрсетеді. Полицейлер күнделікті физикалық және психологиялық күйзелістерге тап болады, сондықтан жақсы спорттық дайындық олардың әрдайым керемет формада болуына көмектеседі.

– Спорт – бұл денсаулық пен төзімділік қана емес, сонымен қатар рух күші, тәртіп және жеңіске ұмтылу. Полицейлердің марафонға қатысуы олардың кез – келген сынаққа дайындығын көрсетеді, өйткені ішкі істер органдарындағы қызмет тек кәсібилікті ғана емес, физикалық дайындықты да талап етеді – деді Алматы облысы ПД бастығы Мейрам Әбікеев.

Сонымен қатар, полицейлердің спорттық іс-шараларға белсенді қатысуы ішкі істер министрінің салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі бастамасына толық сәйкес келеді. Күн сайын 10 мың қадамды орындау құқық қорғау органдары қызметкерлерінің денсаулығы мен фитнесін нығайтуға бағытталған осы бағдарламаның маңызды элементі болып табылады.