ПОЛИЦЕЙЛЕР АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА САПТЫҚ ТЕКСЕРІС ӨТКІЗДІ

ПОЛИЦЕЙЛЕР АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА САПТЫҚ ТЕКСЕРІС ӨТКІЗДІ

Бүгін Алматы облысы Полиция департаментінде кезекті саптық тексеріс өтті. Іс-шара барысында дабыл сөмкесінің жинақталуы, қызметтік киім үлгісі және қызметтік көліктердің ақаулары тексерілді.

Мұндай тексерістер жеке құрамның жоғары жауынгерлік дайындығын қамтамасыз ету, тәртіпті нығайту және төтенше жағдайларға жедел әрекет ету мақсатында тұрақты түрде өткізіледі. Ерекше назар техникалық құралдардың жарамдылығына, қызметкерлердің сыртқы келбетіне және қызмет атқаруға қажетті жабдықтардың толық болуына аударылады.

– Аталған шара бөлімшелердегі тәртіпті сақтауға ықпал етеді, сондай-ақ кемшіліктерді уақытылы анықтап, жоюға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде полиция жұмысының тиімділігіне және азаматтардың сенім деңгейіне тікелей әсер етеді, – деп атап өтті Алматы облысы ПД бастығы Мейрам Әбікеев.