
«Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Алатау қаласының полицейлері жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында жаңа технологияларды енгізді.
Полиция қызметкерлері ұшатын аппараттарды (дрондарды) қолдана отырып, жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын анықтауда. Олар жүргізушілердің қауіпті маневрлерін, қарама-қарсы жолаққа шығу сияқты құқық бұзушылықтарды тіркейді.
Дрондар кең аумақты қамтуға және патрульдік экипаждардың жұмысы қиын жерлерде бақылау жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл ережебұзушылықтарға жедел әрекет етуге және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға көмектеседі.
– Дрондарды қолдану полиция жұмысының тиімділігін арттырады. Олар бізге жол қозғалысы жағдайын биіктіктен бақылап, құқық бұзушылықтарды дәл тіркеуге және шұғыл шаралар қабылдауға мүмкіндік береді. Біздің басты мақсатымыз – жолдарды барлық қозғалыс қатысушылары үшін қауіпсіз ету, – деп атап өтті Алатау қаласы ПБ бастығы Нұрлан Сайдалин.
Жыл басынан бері пилотсыз ұшу аппараттарының көмегімен облыс аумағында жол қозғалысы ережесін бұзудың 100 фактісі анықталды, оның ішінде тексеру күндері – 18. Негізінен бұл маневр жасау ережелерін елемеу және қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығу жағдайлары.
Полицейлер жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаудың маңыздылығын ескертеді, өйткені әрбір азаматтың қауіпсіздігі осыған тікелей байланысты.