
Республикалық «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Алматы облысының полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзудың 2165 фактісін анықтады.
Жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін ережелерді сақтамау фактілері анықталды. Олардың ішінде 43 апаттық жағдай, көлікке техникалық өзгерістер енгізілген 26 фактісі, 20 мас күйінде көлік жүргізу жағдайы, 46 рет жаяу жүргіншілерге жол бермеу оқиғасы орын алған.
Ауқымды шара жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, олардың қайғылы салдарын болдырмауға және қауіпсіз жүргізу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Полицейлер жол-көлік оқиғасы жиі орын алатын орындарға ерекше назар аудара отырып, жасырын патрульдер мен бұзушылықтарды тіркеудің техникалық құралдарын пайдалануда.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда, ал ереже бұзғандарға қатаң шаралар қолданылады.
Құрметті азаматтар, жол қауіпсіздігі әрбір қозғалысқа қатысушының жауапкершілігіне байланысты екенін ұмытпаңыздар!