ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ ПБ ТЕРГЕУШІСІНІҢ ӨМІРІНЕН БІР КҮН

ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ ПБ ТЕРГЕУШІСІНІҢ ӨМІРІНЕН БІР КҮН

Тергеуші – жай ғана мамандық емес, жоғары жауапкершілікті, шыдамдылық пен ұқыптылықты талап ететін өмір салты. Еңбекшіқазақ ауданы полиция басқармасының тергеушісі, 2018 жылдан бері ішкі істер органдарында қызмет етіп келе жатқан Қаррыбаев Мейірбек Гулімбайұлы бұл туралы жақсы біледі.

Тергеушінің күні таңертең ерте басталады. Таң атысымен-ақ қаралуы тиіс жаңа істер түседі. Мейірбек Гулімбайұлы құжаттарды мұқият зерттеп, деректерді талдап, күндік жұмыс жоспарын жасайды. Оның міндеті – тек қылмыскерлерді анықтау ғана емес, тергеу объективтілігін қамтамасыз ететін айғақтар жинау.

Тергеушінің жұмысы – үнемі жоғары деңгейдегі жауапкершілік пен барынша зейінді талап ететін күрделі процесс. Қаррыбаев Мейірбек заң мен қоғам мүддесіне қызмет етіп, қылмыстардың ашылуына бар күшін салып келеді. Оның әр күні – шындық үшін күрес, әділдік жолындағы қажырлы еңбек. Бұл – кәсіби шеберлікті, төзімділік пен адалдықты қажет ететін қызмет.