
Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №57 мекемесінде сотталғандар арасында нашақорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шара өтті. Ол Алматы облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы ұйымдастырған есірткіге қарсы іс-шаралар жоспары аясында өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – сотталғандар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және есірткіден бас тарту бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу. Кездесу барысында Алматы облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, мекеме бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Самат Фазылов, Алматы облысы ҚАЖК аға инспекторы Қанат Қонысбаев сөз сөйледі.
Іс-шараның ерекше қонағы – белгілі қазақстандық жеңіл атлет, 2000 жылғы Олимпиада чемпионы және жабық ғимараттағы әлем чемпионы Ольга Шишигина болды. Ол сотталғандармен өзінің тәжірибесімен бөлісіп, спорттың, тәртіптің және салауатты өмір салтының маңыздылығы туралы айтты. Мұндай іс-шаралар нашақорлықтың алдын алуда, дұрыс өмірлік ұстанымдарды қалыптастыруда және түзелуге мотивация беруде маңызды рөл атқарады.