АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІПТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІПТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕ

2025 жылғы 7 ақпанда түнгі сағат 3 шамасында Қонаев қаласының Жедел басқару орталығының қызметкерлері бейнебақылау камералары арқылы ойын-сауық орындарының бірінің маңында болған бұзақылық фактісін тіркеді.

– Аталған оқиға облыс орталығының полициясында дереу тіркелді. Тергеуге дейінгі тексеру барысында 32 жастағы жергілікті тұрғын анықталып, ұсталды. Ол кінәсін толық мойындады. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын жан-жақты анықтау үшін барлық қажетті тергеу амалдары жүргізілуде, – деп хабарлады ведомствода.

Бұл жағдай цифрлық технологиялардың қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі тиімділігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Бейнебақылау камералары құқықбұзушылықтарды жедел анықтап, қылмыстарды ашуда маңызды рөл атқарады. Тек 2025 жылдың басынан бері олардың көмегімен қалада 18 қылмыс ашылды. Ал ЖБО жұмыс істеген уақыттан бері 1268 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, инспекторлар бейнебақылау арқылы 58 қылмысты ашылды.

Соңғы жылдары Қазақстан азаматтардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында заманауи технологиялық шешімдерді белсенді түрде енгізуде. Бұл оқиға – осындай бастамалардың табысты жүзеге асырылып жатқанын тағы бір дәлелдейтін мысал.