АЗАМАТТАРМЕН АШЫҚ ДИАЛОГ – ПОЛИЦИЯ СӘТТІЛІГІНІҢ КЕПІЛІ

АЗАМАТТАРМЕН АШЫҚ ДИАЛОГ – ПОЛИЦИЯ СӘТТІЛІГІНІҢ КЕПІЛІ

Алматы облысының Полиция департаментінде «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасы аясында азаматтармен тұрақты кездесулер жалғасуда.

Департамент басшылығы тұрғындардың өтініштеріне ерекше мән беріп, өзекті мәселелерге жедел әрекет етуге және қажетті құқықтық қолдау көрсетуге тырысуда.

Кезекті қабылдау барысында қылмыстық істерге, азаматтардың құқықтарына және заңнаманың сақталуына қатысты мәселелер талқыланды. Облыстың әртүрлі аудандарынан келген тұрғындар күрделі жағдайларды шешу үшін көмек сұрады. Кездесу барысында түсіндірмелер беріліп, өтініштер қабылданды, ал кейбір мәселелер бойынша нақты шаралар қабылдана бастады.

– Әрбір өтініш – бұл жай ғана сұраныс емес, азаматтардың полицияға деген сенімі. Ешбір мәселе назардан тыс қалмайды. Барлық сұрақтар менің жеке бақылауымда болып, заң нормаларына сәйкес шешілетін болады, – деп атап өтті Департамент бастығы Мейрам Әбікеев.

Осындай кездесулер полиция мен халық арасындағы ашық байланысты орнатуға мүмкіндік беріп, сенім деңгейін арттырып, азаматтардың құқықтық қорғалуын қамтамасыз етеді.

Полиция департаменті облыстың әрбір тұрғыны үшін ашықтық пен қолжетімділік қағидаттарын сақтай отырып, осы бағытта жұмысын жалғастыруда.