12 ақпан күні «Браконьер» жедел-алдын алу шарасы аясында табиғат қорғау полициясы қызметкерлері Қапшағай балық инспекциясының бас мамандарымен бірлесіп, Қапшағай су қоймасында балықты заңсыз аулау деректерін анықтады.
– Бірінші жағдайда Қарабұлақ ауылының 36 жастағы тұрғыны балық аулау үшін тыйым салынған моножіпті торды пайдаланған. Заңсыз ауланған балықтың жалпы салмағы 84,6 кг құрап, мемлекетке келтірілген залал 648 662 теңге көлемінде бағаланды. Екінші жағдайда облыстың 27 жастағы тұрғыны дәл осындай тәсілмен 126,8 кг балық аулап, 972 226 теңге көлемінде зиян келтірді, – деп хабарлады полицейлер.
Барлық тәркіленген балық арнайы қабылдау орнына тапсырылды. Аталған фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалып, тергеу жүргізілуде.