АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ШАҢҒЫ ТЕБУДЕН ЖАТТЫҒУ ӨТКІЗДІ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ШАҢҒЫ ТЕБУДЕН ЖАТТЫҒУ ӨТКІЗДІ

Өткен демалыс күндері полиция қызметкерлері департамент бастығы Мейрам Әбікеевтің жетекшілігімен шаңғы тебу жаттығуын өткізді. Мұндай шаралар тек физикалық форманы сақтауға ғана емес, сонымен қатар командалық рухты нығайтуға да көмектеседі.

– Физикалық дайындық – полиция қызметі үшін аса маңызды рөл атқарады. Төзімділік, жылдамдық, күш – қызметтік міндеттерді жедел орындау үшін қажетті қасиеттер. Үнемі жаттығу жасау – қызметкерлердің жақсы формада болуына және кез келген жағдайға дайын тұруына мүмкіндік береді, – деп атап өтті Мейрам Әбікеев.

Бірақ, ұжымның бірлігі де маңызды. Командалық жаттығулар ұйымшылдыққа, өзара көмек пен қолдауды үйретеді. Бұл әсіресе полиция қызметінде маңызды, өйткені мұнда жетістіктердің көбісі бірлескен жұмыстың үйлесімділігіне байланысты.

– Спорт – қызметіміздің маңызды бөлігі. Мұндай жаттығулар физикалық дайындықты сақтаумен қатар, бір-бірімізді жақсы түсінуге және бірыңғай механизм ретінде жұмыс істеуге көмектеседі, – деп атап өтті департамент бастығы.

Шаңғы жаттығуы полиция қызметкерлерінің физикалық дайындығы мен командалық өзара әрекеттестігін нығайтудағы тағы бір қадам болды. Полицейлер белсенді өмір салтын ұстануды жалғастырып, төзімділік, тәртіп және ұйымшылдықтың үлгісін көрсетуде.