САҚТЫҚ – АЛАЯҚТАРДЫҢ БАСТЫ ЖАУЫ

САҚТЫҚ – АЛАЯҚТАРДЫҢ БАСТЫ ЖАУЫ

Цифрлық технологиялардың дамуы интернет-алаяқтық фактілерінің айтарлықтай көбеюіне алып келді. Қаскүнемдер адамдарды алдап, жеке деректерін беруге, ақша аударуға немесе қаржылық шығындарға әкелетін басқа да әрекеттерді жасауға мәжбүрлейтін түрлі схемаларды қолдануда. Осыған байланысты Алматы облысында халықты сақтандыру мақсатында белсенді профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.

– Алаяқтыққа қарсы іс-қимыл жұмысы аясында полиция қызметкерлері азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыруға және оларды интернеттегі қауіптерден қорғауға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырды. Сондай-ақ түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, интернет-алаяқтардан қорғану бойынша ұсыныстар жазылған 100-ден астам ақпараттық брошюра таратылды, – деп хабарлады киберполицейлер.

Ерекше назарға зейнеткерлер, жасөспірімдер және интернет-ресурстарды пайдалануда тәжірибесі жоқ адамдар алынуда. Ең бастысы – сақ болып, киберқауіпсіздік ережелерін сақтап, алаяқтардың айласына түспеу.