АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА МАЛ ҰРЛЫҒЫН АШУДАҒЫ ОҢ НӘТИЖЕЛЕР

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА МАЛ ҰРЛЫҒЫН АШУДАҒЫ ОҢ НӘТИЖЕЛЕР

2023 жылы Алматы облысы аумағында 296 мал ұрлығы тіркелген болса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 244 жағдайға дейін төмендеді. Бұл оң динамика құқық қорғау органдары жүргізіп отырған профилактикалық жұмыстың нәтижелі екенін көрсетеді.

Мал ұрлығының ең көп тіркелген аймағы – Жамбыл ауданы және мал шаруашылығы қарқынды дамыған өңірлер. Сонымен қатар, мал ұрлығына байланысты қылмыстардың ашылу деңгейі тұрақты түрде өсуде.

– Талдау көрсеткендей, ұрлықтың басым бөлігі малдың қараусыз, бос жайылымдардан жоғалуы жиі орын алады. Осыған орай, Алматы облысының полициясы мал иелеріне қауіпсіздік шараларын күшейтуді ұсынады. Атап айтқанда, қоршалған жайылымдарды пайдалану, түнгі кезекшілік ұйымдастыру және бейнебақылау жүйелерін орнату қажет – деп атап өтті ведомствада.

Полиция мал ұрлығының алдын алу мақсатында тұрақты түрде профилактикалық іс-шаралар өткізеді. Сонымен қатар, «Мал ұрлығы» жедел-алдын алу шарасы жүйелі түрде жүзеге асырылып, бұл осы қылмыс түрлеріне қарсы күресті күшейтуге және ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін арттыруға септігін тигізуде.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 2024 жылы ұрланған 166 бас мал заңды иелеріне қайтарылды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.