РАЙЫМБЕК АУДАНЫНДА ЖОЛ АПАТЫНАН БІР АДАМ ҚАЗА ТАУЫП, ЕКЕУІ ЖАРАҚАТ АЛДЫ

РАЙЫМБЕК АУДАНЫНДА ЖОЛ АПАТЫНАН БІР АДАМ ҚАЗА ТАУЫП, ЕКЕУІ ЖАРАҚАТ АЛДЫ

Жол-көлік оқиғасы бойынша полиция тергеу жүргізуде.

Алдын ала мәліметтер бойынша, 9 ақпанда Lada Largus жүргізушісі Қарасаз-Сарыжаз тасжолының 5-шақырымында қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығып, Lexus LХ470 көлігімен соқтығысқан.

Жол апатының салдарынан Lada Largus жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Ал оның екі жолаушысы түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жеткізілді.

Өңірлік полиция жүргізушілерге жылдамдық режимін сақтау, рөлде мұқият болу және қауіпті маневрлерден бас тарту қажеттігін ескертеді. Қысқы жол жағдайында жіберілген ең кішкентай қателік ауыр қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін екенін ұмытпаңыз.