АШЫҚТЫҚ ПЕН ЖЕДЕЛ ӘРЕКЕТ ЕТУ

АШЫҚТЫҚ ПЕН ЖЕДЕЛ ӘРЕКЕТ ЕТУ

Алматы облысы полиция департаментінің бастығы Мейрам Әбікеев кезекті азаматтарды қабылдауын өткізді. Кездесу барысында қылмыстық істерге, сондай-ақ өңірдегі құқық қорғау органдарының қызметіне қатысты мәселелер қаралды.

Мұндай қабылдаулар азаматтарға полиция басшылығына тікелей жүгінуге, мәселелерін жедел шешуге және құқықтық тәртіпке байланысты сұрақтарына түсініктеме алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұндай кездесулер полиция бөлімшелерінің жұмысындағы ықтимал кемшіліктерді анықтап, олардың қызметін жетілдіруге ықпал етеді.

Халық пен құқық қорғау органдары арасындағы ашық диалог полицияға деген сенімді арттыруда маңызды рөл атқарады. Жұмыстың ашықтығы және азаматтардың өтініштеріне жедел әрекет ету – құқықтық тәртіпті жақсартуға және қылмыспен күрес тиімділігін арттыруға көмектесетін негізгі қағидаттардың бірі.

– Біздің міндетіміз – тек өтініштерге жауап беру ғана емес, халықпен тығыз байланыс орнатып, халықтың мәселелерін тыңдап, түсіну. Тек осылай ғана құқықтық тәртіп пен әділдіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге болады, – деп атап өтті полковник Мейрам Әбікеев.

Азаматтарды қабылдау тұрақты негізде өткізіледі және бұл «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына толық сәйкес келеді. Әрбір өтінішке назар аудару, сұраныстарға жедел әрекет ету және биліктің ашықтығы – қауіпсіз қоғам құру жолындағы маңызды қадамдар.